Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  121


Автор: Сабырхан Асанов

Көп оқыдым, көп тоқыдым демеймін...

Көп оқыдым,
көп тоқыдым демеймін,
ол жағына бай емеспін, кедеймін.
Барым менің– жалғыз жалын жүрегім,
жас баладай жалғыз арым... не деймін.
Көтере ме,
көтермей ме өкпемді ел,
көңілімді гүл етеді көктемдер.
Түсінетін жерде қалсам түсінбей,
әдейі істеп тұр екен деп сөкпеңдер.
Кейде рас, таң боп жайнап атамын,
кейде орынсыз тіл қатып та жатамын.
Жұрттан бөлек жаралғаныма мұндай боп,
сендер түгіл,
өзім дағы қапамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу