Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  116


Автор: Сабырхан Асанов

Қуанады, қуанады құстар да..

Қуанады,
қуанады құстар да,
кең өлкеме көктем келген тұстарда,
шырқар ма екен дәл осылай, кім білген,
көптен күткен өз бақытын ұстарда.
Қуанады,
қуанады құс біткен,
бір шуақ, нұр құйылады түстіктен.
Тула бойды, тәңірім-ау, балқытар,
пейіштен бір өскен алау ыстық дем.
Атар таңды,
батар күнді тең бағып,
қуанады қала, дала, таулар да,
қуанып бір қалар ма деп мен дағы?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу