Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  117


Автор: Сабырхан Асанов

Ақ тандай ақ шашымнан сүйші, жаным

Ақ тандай ақ шашымнан сүйші, жаным,
тартылмай тұрған бәлкім күй шығармын,
Күмбірлеп кетер ме екем ойда жоқта,
сүйші, жарым,басыма үйші бәрін.
Сүйші, жарым, алда өмір бір қанша бар,
жараспас та бостан бос бұлданса жар.
Кім біледі,мен әнге айналмаққа,
сәл-ақ нәрсе жетпестен тұрған шығар.
Тандар талай жарқырап атқан шығар,
күн де қанша қызарып батқан шығар.
Сүйіп келе жатқанмен өмір бойы,
бір сүюің кем болып жатқан шығар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу