Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  147


Автор: Гүлбақыт Қасен

Табиғат күші

Жаңбыр жауса, реніштіміз кей-кейде,
Жаңбырменен жерге ырыс келмей ме?
Кесіріңді тигіздің сен шаруама,
Дегендей боп, табиғатты тергей ме?
Күнделікті күйбең мынау тіршілік
Табиғат та осыларды тұрса ұғып.
Дәл адамға ренжігендей томсарып,
Жаңбыр жауса, желі соғар қырсығып.
Ешбір дауа таба алмайсың мұндайда,
Ерегессең бұршақ жаңбыр ұрмай ма?
Бар зиянын үйіп-төгіп ісіңе,
Рахат тауып, жаны тыныш тұрмай ма?
Табиғаттың күші болар барлығы,
Болар кейде дүниенің тарлығы.
Желі соқпай, жаңбыры да жаумаса,
Бұл да міне, табиғаттың жарлығы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу