Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  90


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Екі өлең

Бодан халық өлеңі
Мен ғашықпын аспанға,
Мен ғашықпын қанатына құстардың.
Аспан жаққа ұшуға бір құштармын.
Қанаты бар еркіндікті көктегі
қолмен қалай ұстармын.
Еркін халық өлеңі
Кеңдігін-ай даламның,
кезе, кезе шаршадым.
Өрлігін-ай тауымның,
өрлей, өрлей шаршадым.
Тереңін-ай көлімнің,
бойлатпай серпіп шығарды.
Өлеңін-ай елімнің,
шерімді шертіп шығарды.
Тұранның төсі қонақ үй,
жататын бөлмем – жайлауым.
Ашық аспан – айбыным,
Сенімім – туым, байрағым.
Аңдары – азық, суы – бал,
Орманы – құрбы, жел – досым.
Байлық пен бақыт туысым,
Еркіндік менің жерлесім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу