Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  255


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Сен білсең

Сен білсең жаным ғашықтық деген немене,
Ғашық зарын сезімге жəй бір теңеме.
Өртеніп мəнгі жүректің күйіп жануы ол,
Ғашықтық емес бір жанып сөнген делебе.
Сен сүйген біреу, сен жайлы көрмес түс-елес,
Ғашықтық жанын түсіну оңай іс емес.
Сезімге құлап, сезімге жанып езілген,
Жүректің тілін ұқпаған нағыз кісі емес.
Киелі деші ғашықтар жатқан моланы,
Деміме соның бұрқаған дала бораны.
Қарайған жанның үйлену парыз бəріне,
Ғашықтық деген мүлде онан бөлек болады.
Махаббат үшін іздеген ашық аспанды,
Ғашықтар рухы болмайды мəңгі тастанды.
Жанының таза арымен антын бекітпей,
Ғашықтар деме қызды ертіп ала қашқанды.
Нəп-нəзік жүрек шын сүйсе ие күшке анық,
Ғашықтар үшін жасамау керек іш тарлық.
Ғашықтық деген зарыға күтіп сағыну,
Ғашықтық деген мəңгілік қанбас құштарлық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу