Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  135


Автор: Фариза Оңғарсынова

Тек осы жер

Сөздерге де, өңдерге де енді ешқашан сенбеймін,
бұдан былай көзім көрмей, ешкімге де ермеймін.
Бұдан былай мына менің өзімде де күмəн бар –
сендер де енді мені алдымен отпен, қанмен сынаңдар!
Мені əлі де шошытады пасықтықтың мұз демі,
елестейді мені алдаған адамдардың жүздері.
Жылмың қағып келсеңдер де, енді сенбен достай шын,
мені алдай алмайсыңдар бұдан былай ешқайсың!
Өр мұхиттан басталатын өзім туған кең Үнді,
алдауменен таптадыңдар, топырағымды, елімді.
Мұның бəрін ұғып тұрмын, əттең, əттең, кеш мүлде...
Қаным сіңген, терім сіңген мынау байтақ жерімді
бұдан былай таптатпаймын ешкімге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу