Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  165


Автор: Фариза Оңғарсынова

Күз

Қатқақ күз. Дала құнысып,
жүзінде қалмай жаз рай.
Кимеген адам бұғы ішік,
бүрсеңдер арық тазыдай.
Сұлулық қалмай қырда түк,
қоңырқай тартып жарқын жер.
Соғып тұр дымды құрғатып
теріскей жақтан салқын жел.
Астынан нəрлі жер көшіп
шөптердің тамыры ырсиған,
жарытпайтындай енді өсіп
сыңсиды қияқ.
Қыр сидаң.
«Қия алмай бұрын шалғынын
отырушы еді ел көшпей», –
дейтіндер болса, дəл бүгін
тірі адам оған сенбестей.
Қаусайды барлық тамырлар
Жерден – дым, Күннен нəр алмай,
даладан кеткен жалынды əр
аурудан тұрмас адамдай.
Күздегі қырда – нала, мұң,
жеткенше жазғы бал күндер.
Жұтуда нəрін даланың
солтүстіктен соққан салқын жел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу