Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  92


Автор: Фариза Оңғарсынова

Кісілік

Өз-өзіңнен сыздана
тырсиғанмен ісініп,
өрте жерді, тұз жала –
қонбайды одан кісілік.
Көрмесе де жанды аяп,
зілденеді елге де,
өткізгені бардай-ақ
жердегі бар пендеге.
Жүзден жүйрік таңдайтын
кісілік те – бір дарын.
Бұл ұғымнан шалғай тым
кісімсініп тұрғаның.
Атың аз күн арқырар,
мансап-тəжің қорғаса.
Абырой да сарқылар,
кісілігің болмаса.
Таудай деме жаманды –
ісін таны, ішін ұқ.
Аласартпас адамды
көзге ұрмайтын кісілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу