05.05.2022
  109


ӨЗБЕКСТАН МҮФТИІ ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы Нуриддин Холикназаров Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына жеделхат жолдап, Ораза айт мерекесімен құттықтады.


«Алла Тағала күллі әлемге бейбітшілік пен тыныштық берсін! Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларымызды, дұға-тілектерімізді және жасаған барша игі амалдарымызды қабыл етсін! Шаңырақтарыңызға шаттық пен береке әкеліп, үмбетімізді біріктіруге септігін тигізсін.


Сіздерді Ораза айт мерекесімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға тыныштық, тұрақтылық, құт-береке, бақыт тілейміз!» делінген құттықтау хатында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу