Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  322


Автор: Фариза Оңғарсынова

Әпкесінің әні

Айым менің қайда екен –
достарымен тойда екен!
Тойда болса, отырсын –
қолына жүзік толтырсын!
Айналдым Ай-баладан,
тауып алдық даладан:
далада бала жата ма –
түсіп қалған шанадан!
Жылама, бөпем, қой, бөпем!
Құнан қойды сой, бөпем.
Құйрығына той, бөпем,
өзің тойған құйрықтан
əжеңе сақтап қой, бөпем!
Осы бала – Күн бала,
өзі аппақ, гүл бала!
Əлдилесе əжесі,
ұйықтай қалар бұл бала!
Əлди, əлди, бөбегім!
Таусылмайтын өлеңім!
Ұйықтасын деп бөбегім,
өлеңімді төгемін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу