Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  77


Автор: Фариза Оңғарсынова

Тромбон

Боз жусанның жұпары қанға сіңген,
алғаш дем, алғаш үннен
бір жасап сан ғасырмен
Жер үстінде келеді жалғасумен.
Жұпар дала жаныңды құса қылмай,
ғажайып күші арылмай,
қасиетін қаныңа сіңіретін
əкенің құшағындай.
Адам, дала
тағдырлас, заңдас əрі,
сөнбеген таңға шамы
əкенің
алғаш əні
енді мендік əуенмен жалғасады!
Тіршілікке, гимндей, арналды əнім,
паш етіп таңдар барын,
ертеңдерге мəңгілік жалғар жаным
əкенің армандарын.
Аяласа шуақ боп нұры елімнің,
сарқылмас жігер, үнмін!
Боз жусанмен ғұмырлас – үн əлемде
лүпілі жүрегімнің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу