Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  128


Автор: Фариза Оңғарсынова

Түсіме кірдің тағы да...

Түсіме кірдің тағы да,
қарағым!
Бермеді маза жаныма
азабың.
Күдерімді үзіп өмірден,
кетсең де жырақ өңімнен,
кетпедің бірақ көңілден.
Ұмытсам деп-ақ бұл жайды
тіледім,
басқаға мойын бұрмайды
жүрегім.
Шашқандай сəуле бағыма,
нəр беріп мұңды жаныма,
түсіме кірдің тағы да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу