28.04.2022
  229


Автор: Жеңіс күні

Сұрапыл соғыс — жеңіс күн

      Өткен ғасыр, яғни жиырмасыншы ғасырдың, 1941-1945 жылдар аралығында болған сұрпыл соғыстың ызғары мен адам жанын тоңдырған мұздары жадымызда мәңгілік сақталады. Бұл соғыстың зардабы айналаны қызыл жалынға айналдырып, отқа орады десек қате айтқанымыз емес. Тарих беттеріне үңілер болсақ 6000 Қазақстандық жауынгерлер қаза тауып, олардың 500 ге жуығы ғана елімізге аман-есен оралған-ды. Бірақ қазіргі таңда еліміздегі майдангер аталарымыздың саны азайып бара жатқанын байқап жүрміз. Олар біздің батырларымыз мәңгілік есімізде болары хақ. Соғыс тұрмақ, кейде қарапайым жанұяда сәл ұрыс шықса жанымыз ауырып, дегбіріміз қашады. Мұндай төрт жылға жалғасқан сұрапул соғысқа қатысып, сол жақтан аман-есен оралған батыр, майдангер ардагер аталарымызға қалайша бас имейміз?! Отан үшін кеудесін оққа тосып, жанын берген батырларымыз қандай десеңізші?! Расында да олар бізге осындай жеңісті күн сыйлады. Сол майдангер батыр аталарымыздың арқасында әрбір күніміз жеңіс, әрбір күніміз бақытқа, қуанышқа толы болып жүрген жоқ па?! Біз өмір сүріп жатқан заманды ата-бабаларымыз аңсап кеткен. Осындай тыныш та бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз, майдангер аталарымыздың әрбір күні соғыс болған болса, олардың жеңіске жетуінен кейін біз сияқты ұрпақтарының әрбір күні жеңіс емес па?! Ендеше осы жеңіс күнінің қадіріне жете білейік ағайын!
      Жеңіс күні нұрландырсын маңайын, Жеңіс күні сыйлап таңның арайын. Жеңіс күні бітпей болсын мәңгілік, Тыныштықта етіп жылдың әр айын...

«Ғажайып Қазақстан—2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу