Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  123


Автор: Рафаэль Ниязбек

ІБІЛІС ПЕН ІНДЕТТІҢ ҚАН БАЗАРЫ


Айқара ашып қақпаны, дарбазаны,
Далақтайды өнер деп даңғазаны.
Қазақстан бүгінде, білсең егер,
Ібіліс пен індеттің қан базары.
Тоқтам сала білмеген дарбазаға,
Ел басқарған Бастарда қан таза ма?
Даңғазаға айналып барады өмір,
Дарақы жұрт далақтап даңғазаға.
Құлағына жеткен бе бұл сын талай:
– Тоқтат! – деді бір бастық, – Былшылдамай.
Айналайын бұл қазақ
сырттан келген
Қонағына қақпа ашпай тұрсын қалай?
...Айқара ашып қақпаны, дарбазаны,
Тоғытуда өнер деп даңғазаны.
Қазақстан бүгінде, білсең егер,
Ібіліс пен індеттің қан базары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу