Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  127


Автор: Рафаэль Ниязбек

БАСШЫЛАРДЫҢ, ЕНДЕШЕ, ҚАЖЕТІ НЕ?


Тасы өрлеген заманда майлы асықтың,
Жалғандықты жеңеді айқасып кім?
«Жоқтан» өзге қайтасың сөз есітпей,
Барсаң да ылғи алдына қай бастықтың.
Көкжал қасқыр секілді сақылдаған,
Нарық мынау – жұртыңды тақымдаған.
Басшылардың, ендеше, қажеті не?
«Жоқ» дегенде таңдайы тақылдаған.
Тұғырынан тайдырған көп тұлғаны,
Көмейінде белгілі оқ тұрғаны.
«Жоқтан» өзге неге олар сөз айтпайды,
Жүрмесе егер еліңді жоқ қылғалы?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу