Өлеңдер ✍️

  21.04.2022
  98


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Дерт

Жүректің дерті тілімде,
Өлсем де сайрап өлемін.
Жоқтаса болды түбінде,
Ғашығым мені – өлеңім!
Шөп салмадың көзіме,
Болсаң да сиқыр өлеңім;
Уайым жеңген кезінде,
Уанып сенен келемін!
Шараптай балдан жасалған,
Дерттің ұзақ жасы игі;
Шертіп күй «Қосбасар»-дан,
Шарапсыз көңілім тасиды!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу