Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  279


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Ішіңізді жол бар ма араларға

Ішіңізді жол бар ма араларға,
Көзбен безін қайыңның жараларға;
Көкжиектің шегіндей құлпырасыз,
Дөңгеленсе дүние, шара бар ма?!
Желше үйірсе жер шары амалым жоқ,
Ән сыңсытқан аққуға залалым жоқ.
Бейне әуенім толқынды радио,
Қоңыр жаздай көңілімнің самалы көп.
Досқа мұңын назды ақын майда шағар,
Арыстанша ширықса айға шабар.
Соқпақ саны жырымның жадымда жоқ,
Пенде емеспін желсөзден пайда табар.
...Ішіңізді жол бар ма араларға,
Алтын-жезін көкіректің сараларға?
Түбін көрген теңіздің теңізші жоқ,
Мен қайтейін, дариға, шара бар ма?!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу