Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  82


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Үшбас өзені

Үш қайнардан құралған
Арналы Үшбас өзенім,
Сын түйісіп, сыр алған
Түседі-ау еске кезеңім.
Өткел бермес көктемде,
Бір кезгі көк-сұр дария,
Сарғаяр шағың жеткен бе,
Қойнауың қамыс – сары ұя.
Үзілген белі жыландай,
Ағасың зорға иреңдеп.
Үстіңнен қарғып құландай,
Ұйтқиды құйын сүйреңдеп.
Сарқылсын жырым сарқылса,
Сарқылмашы ерке өзенім.
Жалынға түскен алтынша,
Өртенді-ау ерте өзегім!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу