Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  102


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге

Құтаймас ыждаһаттан ерінгенге,
Қайрылар қайран өнер көрінгенге.
Қазақта он еркектің біреуі ақын,
Несібе сансыз жолдан терілгенге.
Кербездік қона бермес керілгенге,
Шыр жұқпас шұбар қағаз кеміргенге.
Жартастың жаңғырыққан жауабындай,
Үн шығар осы күні темірден де.
Хабардар әріңнен де, беріңнен де,
Қатпарлы ақын, сән қуған серіңнен де –
Мен бір жан көзіне айтар көңіл жықпай,
Аға мен ініге де, келінге де.
Атақтың аруағына еліргенге,
Қайықсыз балық тауып, семіргенге –
Аралсыз-ақ жал теңіз бермес өткел,
Тұңғиық түбі терең жерінгенге!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу