Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  86


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Жас төкпен, өкінбен өткенге

С. Есениннің ізімен

Жас төкпен, өкінбен өткенге,
Өтер барша – гүліндей алманың.
Алтынша сарғаяр шақ жеткен бе,
Мен – жасарман қайтып, алдар арманым!
Семді жастықтың балауса ажары,
Еріннің жалыны – енді олқылы.
Қайда көздің шыдатпас жанары,
Қайда сезімнің шыдатпас толқыны?!
Өттің бе елестей, өткен күнім,
Жомарт мұратқа, сараңдық, жеттің бе?
Таңынан бейне өмір көктемінің
Сар желіп сары атпен өттім бе?!
Гүлдеудің ақыры – азалық әзелдей,
Үйеңкінің мыс жапырағы үзілер.
Тілеймін игілік, назымды жазам мен,
Дүниедс бұл еншіміз – сызды жер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу