Өлеңдер ✍️

  17.04.2022
  83


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚҰРАЛАЙ СҰЛУ КҮМБЕЗІ

Төбеңе төніп көк аспан
Көгіңнен саған тұр қарап.
Жаралған жан ба ең о бастан
Тастардан өскен жыр қалап.
Тұр сенің көктем – күмбезің
Қамқалы көлдің жанында.
Нұрыңмен жасқап күн көзін
Ойнардай бір күш қаныңда.
Сен кейде шырқап көкке астың
Көрініп балғын пішінде, –
Күмбірлеп тұрған көк тастың
Тұрғандай сөйлеп ішінде.
Көкірегіңе өршіл өрт толып
Кектенер ме екенсің табанда.
Жолбарыстан кеттің мерт болып,
Жолбарысы бар заманда.
Жұлдыз боп көкте жансаң да
Болар ма шипа жанға орман.
Бір өлім – қайда барсаң да
Шерлерден өлсең бар ма арман?!
Бір шерден өлдің
Ел білсе
Қолына түспей жаманның.
Қайтер ең, айтшы, өлтірсе
Иттері талап заманның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу