Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  101


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Шалқыса арай ажарың

Шалқыса арай ажарың,
Талпынады ерке жүрегім.
Түскенде қиғаш назарың,
Үмітке мас боп жүремін.
Жазуын оқып көзімнің,
Жазылмас дертке налисың.
Ұзатпай жатқан сөзімнің,
Төркінін жыға танисың.
Ел қонбаған бейне арал
Махаббаттың мен жоқшысы.
Жеткізбей қойды жас марал
Бүркітке сынған топшысы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу