Өлеңдер ✍️

  13.04.2022
  406


Автор: Бағлан Ерғали

Сол ақынның...

(Сыр елінің ақыны, Ажар Садықоваға) 


 


Тербеткендей кең даланы мәңгі үнің, 


Ұнатпасын жан толқытар әнді кім? 


Сыр елінің бір өзіңмен, ақын қыз, 


Құты кіріп, бақ қонғандай дәл бүгін. 


 


Сені көрсе қуанардай тіршілік, 


Дала гүлдеп жайқалады күн шығып. 


Сол ақынның жанарынан тамса мұң, 


Жылайтындай көк аспан да тұншығып. 


 


Өлең—жырың ақындықтың айғағы, 


Жырға толы білем Сырдың аймағы. 


Тұрымбеттің жырларынан от алған, 


Топты жарар жүйріктердің жайдағы. 


 


Тұрымбеттен жалындаған от алып, 


Өзіңменен толды бүгін орта лық. 


Жыр мекені—құбыладай екінші, 


Адам жанын сусындатар орталық. 


 


(Тұрымбет Салқынбайұлы


ақын, жырау 1868 жылы бұрынғы


Қазалы уезі,(Қармақшы ауданы, 


Қызылорда облысында дүниеге келген) 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу