Эсселер ✍️

  06.04.2022
  305


Автор: Бірлік күні

Көп ұлтты Қазақстан бірлігі

    1 мамыр — Қазақстан халқының, ұлттар арасындағы бірлігі мен ынтымағының, сыйластығы және бір-біріне деген қарым-қатынасы мен құрметінің айқын көрінісін беретін мереке. Дәл осы мереке арқылы еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен ынтымақты көреміз, сезінеміз. Көп ұлтты халықтар арасындағы достық керегенің кеңдігінен, терезенің теңдігінен, уықтары желбіреп, жүректері елжіреп, шаңырақтары көкті тіреп, қыран құстар аспанымызды шарлай ұшып жүрсе, елімізде тұратын әрбір ұлт өкілдерінің үйлерінде түтіндері түзу шығып, ұлтаралық мереке атанып кеткен әрбір 1-мамырда мерекені бір ұлттың адамдарындай сыйластықта, бір-біріне деген ақ тілектерін жаудырып жатса біздің елімізде тыныштықтың тамыры тереңге жайылып, өсіп-өркендеп, еліміздің мерейі үстем болары сөзсіз еді.
     Әр жыл сайын сағындырып келетін 1-мамыр мерекесі құтты болсын! Ұлттар арасындағы алтын көпір сыйластық пен ынтымақ, бірлік сақталып, еліміз қанатын кеңге жая берсін! Бірлік күні әрбір шаңыраққа шаттығы мен бақытын, берекесі мен мерекесін алып келе берсін!

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу