Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  108


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ҰЙҚТАҒАНДА СЕН ТЫНЫШ…

Ұйқтағанда сен тыныш
шыбын деген бәле бір:
алақаным желпуіш
болып алды әдемі.
Қауіптенем бір түрлі,
қауіптенем, әйтеуір:
Мен қорғаған ұйқыңды
бомба бұзса қайтемін!
Дірілдейді ет жүрек,
дірілдейді, әйтеуір:
шыбын қонбаған бетіңе
оқ қадалса қайтемін.
1969




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу