Өлеңдер ✍️

  01.04.2022
  168


Автор: Абдрахман Асылбек

Түскен тіс

Отырғанда қонақта,
Танысымның түсті босап бір тісі.
Орап оны мұқияттап бұл кісі,
Салып алды қорапқа.
Таңдандым да сұрадым:
«Түскен тістің қажеті бар қаншалық?»
Деді ол сонда: «Естімеп пе ең, шырағым?
Жүрген жақсы тарихқа шын зер салып;
Островский өлгенде,
Мұражайына қоятын,
Көңіл бірден тоятын
Заттарын екшей келгенде,
Пьесалары болғанымен ондаған,
Бір тісі де қалмаған.
Кім біледі, мені де ажал алмай ма?
Бұл тіс сонда ескерткіш боп қалмай ма?»
* * *
Кейбір пақыр талантпын деп санайды,
Ұлыларға қарайды,
Өзін соған балайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу