Өлеңдер ✍️

  28.03.2022
  381


Автор: Абдрахман Асылбек

Бізге не қалды?

Ерлер киер тымақты
Қыздар киіп, ұнатты.
Ерлер киер жейдені
Қыздар киіп, ерледі.
Ерлер киер шалбарды
Қыздар киіп, паңданды.
Ерлер киер етікті
Қыздар киіп кетіпті.
Ерлер буар белдікті
Қыздар буып, желікті.
Ерлер тағар сағатты
Қыздар тағып, таратты.
Ерге ұқсатып басты да,
Қыздар қырықты шашты да
Ерлер шегер шылымды
Қыздар шегіп бүлінді.
Ерлер ішер сыраны
Қыздар ішіп тұрады.
Ерлер мінер таққа да
Қыздар мінді мақтана.
Осыдан-ақ біліңіз,
Қиын боп тұр күніміз.
Еркек деген атты да
ҚЫЗдар бір күн ап тынар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу