Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  108


Автор: Абдрахман Асылбек

Қобдиша

Кейде ойлау керек қой,
Еңбек жөні бөлек қой.
Қыбын тапсаң болғаны,
Іс оңалар қолдағы.
* * *
Әлдекімге бір Қобдиша келіпті,
Жасалуы таң-тамаша сымбатты.
Көркіменен көзді тартқан бұл затты
Шебер келіп айналдыра көріпті.
Содан кейін депті: «Жұмбақ аса бір,
Мына қобди құлыпсыз.
Ал, мен мұны не де болса ашамын,
Күлмеңіздер үмітсіз.
Шеше аламын қандай сыры болса да,
Мұндай іске ептімін мен соншама».
Қобдишаны қолға алып,
Қарады әбден толғанып.
Басы қатып тұр тегі;
Шегесін бір, тұтқасын бір түртеді.
Мұны біреу байқады.
Басын шайқады
Ал, біреулер күліп, қалжың айтады,
Құлағында бір ызың:
«Олай емес!» Қиналды ол күнұзын.
Ыза кернеп, жарылуға шақ тұрды,
Содан кейін қобдишаны лақтырды.
Қобдишаның сыры жоқ-тын дара тым:
Жай ашыла салатын.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу