Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  92


Автор: Абдрахман Асылбек

Әншілер

Көрші сыйлап көршісін,
Қонақ қылып, ас берді,
Бірақ, ойы басқа еді:
Тыңдатқысы келген біраз әншісін.
Әнге басты балалары зор-ақ тым,
Бар дауыспен бақырып.
Құлақ тұнып, аһ ұрып,
Басы қатты қонақтың.
«Ая мені, – деді көрші қайран қап, –
Мынауың ән емес-ті,
Жырту ғой құр өңешті!»
«Рас, – деді үй иесі жайраңдап,–
Бақырғанмен ышқынып,
Әншілерім ұрттамайды ішкілік,
Жұмсақ мінез, жайдарлы-ақ».
* * *
Дер едім мен: кейде ептеп ішсін-ақ,
Жүру керек іс, бірақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу