Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  100


Автор: Нұрлан Оразалин

АСПАН ТУРАЛЫ ЖЫР

Дүние…
Көшiп жатыр көзден белең…
Не қалды жер бетiнде өзгермеген?!
Жасыл желек жамылған
бақтар көшкен,
махаббатты аңсаған
шақтар көшкен.
Ақын да өткен,
фәниден пақыр да өткен,
ай қылышы жарқылдап батыр да өткен,
жасық та өткен,
жаңқа-жаңқа көңiлi пасық та өткен.
Тал бесiгiн тербетiп
дүниенiң…
Жылдар…
Жылдар...
Ғасырлар көшiп кеткен.
Дүние…
Көшiп жатыр көзден белең,
өлеңменен,
әнменен,
сөздерменен,
миыменен жұмыр бас пенделердiң,
жүрекпенен,
қолдарменен,
көздерменен…
Беймаза көңіл
265
Жүйтки соққан желмая –
желдерменен,
мұхиттардың
бiр кезгi сарқытындай,
ойдым-ойдым
шашылған көлдерменен.
Дүние…
Көшiп жатыр көзден белең.
Жұмыр жердi бiлмеймiн?!.
Бiлмеймiн?!.
Жалғыз ғана,
жасыл аспан…
Боларсың өзгермеген?!
мамыр, 1973 жыл. АСПАН ТУРАЛЫ ЖЫР
Дүние…
Көшiп жатыр көзден белең…
Не қалды жер бетiнде өзгермеген?!
Жасыл желек жамылған
бақтар көшкен,
махаббатты аңсаған
шақтар көшкен.
Ақын да өткен,
фәниден пақыр да өткен,
ай қылышы жарқылдап батыр да өткен,
жасық та өткен,
жаңқа-жаңқа көңiлi пасық та өткен.
Тал бесiгiн тербетiп
дүниенiң…
Жылдар…
Жылдар...
Ғасырлар көшiп кеткен.
Дүние…
Көшiп жатыр көзден белең,
өлеңменен,
әнменен,
сөздерменен,
миыменен жұмыр бас пенделердiң,
жүрекпенен,
қолдарменен,
көздерменен…
 
Жүйтки соққан желмая –
желдерменен,
мұхиттардың
бiр кезгi сарқытындай,
ойдым-ойдым
шашылған көлдерменен.
Дүние…
Көшiп жатыр көзден белең.
Жұмыр жердi бiлмеймiн?!.
Бiлмеймiн?!.
Жалғыз ғана,
жасыл аспан…
Боларсың өзгермеген?!
мамыр, 1973 жыл. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу