Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  129


Автор: Абдрахман Асылбек

Көктем келді

Көктем келді ырғатыла,
Сылаң қағып сай-сала.
Қызғалдақтар қырға тұна,
Құлпырды бар айнала.
Наурыз айы – жылдың басы,
Елдің бәрі жайдары.
Сұлуланып түр-тұлғасы,
Қыз-жігіттер жайнады.
Орман-тоғай толды күйге,
Бұлбұл сайрап қаншама.
Қуанышқа толы үйлер,
Елдің бәрі ән сала.
Өмір қызық, сәнді болсын,
Күн сөнбесін көктегі.
Деп тілейміз мәңгі болсын
Адамзаттың көктемі.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу