Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  105


Автор: Абдрахман Асылбек

Ең алғашқы балалық

Ең алғашқы балалық
Махаббатты сағындым.
Ақыл айтқан даналық
Шапағатты сағындым.
Ерте өткен өмірден,
Талғауым ен тәңірдің,
Кетпес, бірақ, көңілден
Достарымды сағындым.
Ақылы кең дария
Даналықтың кешені,
Қайда кеткен кәрия,
Ақсақалдар кешегі?
Бабалардың ізі бар
Даламды кең сағындым.
Айдай әппақ жүзі бар
Анамды мен сағындым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу