Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  358


Автор: Абдрахман Асылбек

Мүмкін бе?

Америка Штаты
Қырық рудан құралған.
Бәрінің бір ұстамы,
Бәрінде де бір арман.
Қырық ру бірігіп,
Сөйеседі бір тілде.
Тап осыдан бүлініп
Жатқан зат жоқ бұл күнде.
Бір жүз отыз ұлт бар деп,
Мақтанамыз несіне?
Қазақ тіліне құштар боп,
Алмаса олар есіне?
Емеспіз ғой орыстың
Бағынышы мәңгілік.
Иесі боп қоныстың,
Шықпймыз ба жаңғырып?
Қазақ қазақ болғалы
Орыс елі болмаған.
Ол қалайша қорланып,
Өзгелерді қорлаған?
Біздің арғы тегіміз
Гундар менен сақтардан.
Содан бері көгіміз
Көкбөрі боп сақталған.
Олай болса, біз неге
Бағынамыз орысқа?
Көктем мен жаз күзде де
Табынамыз орысқа?
Ерлігіміз ерек қой
Жасай берер жаңғырып.
Қалуымыз керек қой
Қазақ болып мәңгілік.
Барлық ру бірігіп,
Сөйлемесе бір тілде,
Түн түндігі түрініп,
Ел болуы мүмкін бе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу