Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  89


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚ ҚАЙНАР

Жаралды ма кім білсін сұсты күнде,
Елең қылмай өткен бір қысты мүлде.
Шұқыр бар-тын қазанның аумағындай,
Мені туған ауылдың түстігінде.
Ақпан-құйын ағылып шұбырғанда,
Жер апшысын көк дауыл қуырғанда,-
Бұрқасындар жататын қарын құйып,
Ұйтқи соғып ышқынып суырғанда.
Кетер кейде қосыңды суыт жығып,
Өмір сырын қай перзент туыпты ұғып.
Сол шұқырда тұтқындап ұстайтын-ды,
Қара құйын құмдарын қуып тығып.
Қуат-күші болар ма мұншама алып,
Талай мәрте суытты-ау күн жаланып.
Сол щұқырда булығып бір ақ қайнар
Жылдар бойы жатыпты тұмшаланып.
Құмдар жаншып кеудесін “аһ” ұрғанда,
Қозғалысқа көшіпті батыл таңда.
 Шұқанақтың ауызын ойран қыпты
Жер астынан тепсініп атылғанда.
Ақ қайнардың мөлдір-ау бәрі шықтай,
Гаусарлығын сезбейсің барып жұтпай.
Өлең де сол тепсінген қайнар құсап
Жарып шықпай қоймайды-ау, жарып
шықпай




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу