Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  96


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАРАТАУ ЖЫРЫ

Мен Қаратаумын,
Қайыспас палуан қолдармын,
Жазылмаған жағасынан жондардың.
Қазынамды составтарға мол артып,
Оң сапар тілеп шығарып салар жолдармын.
Мен Қаратаумын,
Кеудеммен соғып дауылдарды қарсы алған,
Жаншылды менің табанымда бар жалған.
Мен Қаратаумын,
Шайқастарда шыңдалып,
Қос самайын қар шалған.
Шапса да жауым жыртқызғам жоқ жағамды,
Қарсы алдында төмендетпей бағамды.
 Құдайың да тайдыра алмас топшысы алтын
тұғырдан
Туған жерге тіреп тұрсам табанды.
Мен ешкімге бермедім белді сайыспай,
Жеңіліп және созылғам жоқ қайыстай.
Қазынамды жасырып келген құт-береке
босағам
Ауыр составтарды
Қара нардай көтереді қайыспай.
Жалған сөйлеу жат маған,
Тар жолдан да шындық жүрген бақ табам.
Төсімде өскен талдарды –
Басыма менің ту тігуге таласқан
Ойлауың мүмкін жауынгерлер ме деп
қаптаған.
Жаралған сонау қызыл алау шақтардан,
Көкірегімнен қыран құстай қақты арман.
Бөктерім менің жеміске толы бұл күнде,
Жатушы ем бұрын бу болып ұшып қақтардан.
Сынық тастан да жауына түйір бермеген,
Қаһарман таумын
Байлығы тасып ерлеген.
Шыңдарым менің айналып алтын тұғырға
кетсе керек-ті,
Құздарына қанаттылар өрлеген,
Басына жылан әсте шығып көрмеген.
...Шыңдарым менің айналып алтын тұғырға
кетсе керек-ті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу