Эсселер ✍️

  13.03.2022
  397


Автор: Көрісу күні, Амал мерекесі

Бірлігі мен тірлігі жарасқан «Көрісу» дәстүрі

    Кең байтақ жерімізде етек алып, өзіндік ерекше дәстүрлерімен ерекше көзге түсетін, ата-баба салтын екі етпей ұстанатын халқымыз жайлы сөз етпеу мүмкін емес. Адамдарды бір-біріне ағайын, бауыр етіп, сыйластықтың алтын қазығына айналып, ынтымақ пен бірліктің мәңгі сақталуына жол салып отырған әдет-ғұрыпымыз да жоқ емес. Солардың бірі бірлігі мен тірлігі жарасқан, қазақ халқында қалыптасқан көктемнің шырайлы күнінде, яғни 14 наурыздан бастау алған «Көрісу» күні.
Айналадағы қарлар еріп, талдар бүршік жарып, көктемнің нұрлы күні жылтылдап, аппақ қардан бекітіліп қалған үлкен жолдар ашылып, күн күлімдеп әрбірімізге үн қатып тұрған шағында ауыл-аймақ пен дос-жаран, ағайын- туыстар 14 наурыз күні таң атысымен жасы үлкендерге сәлем беріп, көрісіп, қолын алады. Көршілер мен ағайын, туыстар бір-біріне «Жаңа жасың құтты болсын»! — десіп, ер адамдар жағы шын ниеттерімен төс қағыстырып, әйелдер жағы бір-біріне деген ыстық ілтипаттарын жеткізіп жатады. Бұл деген сөз: «Қыстан аман есен шыққанына, еріксіз мәз мейрам блып, шад-шадыман күйге енетін сәт» осы сәттер болып табылған.
Ал ендеше, көктемнің шырайлы күнімен бірге келетін 14 наурыз күні ерекше алатын «Көрісу» күні құтты болсын баршаңызға! Жаратқаным жар болып әрбір үйде ағайын-туыстарымен бірге амандықта, саулықта етіп, әрбір басар қадамдарыңызды оң етсін!

«Ғажайып Қазақстан—2050» журналының бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу