Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  161


Автор: Рафаэль Ниязбек

КІСІНІ ЕЛ ДЕ СЫЙЛАЙДЫ

Көшеде басым қалғанда,
Жұлдызым жанбас жалғанда.
Тосырқап ауыл қарсы алған
Ауылға жалғыз барғанда.
Көңілім содан суынған,
Кеудемде құйын суырған.
Адамы деп те көшенің
Ауылым, сірә, ұғынған...
Арада жылдар өткенде,
Арманым көктеп көктемде, –
Жайқалып қара орманым
Жапырақ жайған көк белде.
Көк кемем толқын жарғанда,
Қалайын қалай арманда.
 Ел болып мені қарсы алған
Кісі ертіп елге барғанда.
Ақ қырау түсіп шашыма,
Бақ қонған шығар басыма.
Кісіні ел де сыйлаған
Кісі ертіп жүрген қасына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу