Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  162


Автор: Бөгетбай Иманғали

Тәуелсіздік

 


Сексен алтының салқыны,
Алатау бойын шарпыды
Желтоқсан желі соққанда ,
Қатты еді ызғар қарқыны


Алапат хабар төнгенде,
Жиылды жастар сол демде.
Қоневты естіп кеткенін,
Креслоны беріп Колбинге.


Ашулы жастар жұлқынып,
Кеудеде ыза бұлқынып
Талабын қойып қаймықпай
Билікке қарай ұмтылып.


Келгенде әскер түнере
Шүріппе басып шірене
Қан болып ақты сол күні
Ілгері жатқан Іле де


Тасталып суық зынданға
Сай сүйсек келіп сынғанда
Күрсініп терең демалдым
Осыдан асқан мұң барма?


25 мыңдай жас келген
Алаң лық толы әскермен
Жетпеген солдат сымақты
Шақыртты жедел Мәскеуден


Тоқпақтап ұрып жабылып
Қансырап бастар жарылып
Оқуға кеткен ботам деп
Отырған ана сағынып.


Қайраттар бастап қиырдан
Ерболда жігер жиылған
Жәннәттық болсын Ләззаттар,
Сабира қыршын қиылған.


Ұйқыдан қазақ оянды
Саясат көзін жой алды
Ақ ұлпа болған ақша қар
Қып қызыл түске боялды


Соққыға салып сұм күшін
Боздатып қазақ ұл қызың
Лағынет деймін сол кезгі
Құдайшылдардың құлқы үшін


Бұлт арасынан күн шығып
Тыраштап шығып тұншығып
Тоқсан бірменен азаттық ,
Жеңіспен келді құлшынып


Ұмытылмайтын осы күн!
Елеусіз қалмас осы мұң
Желтоқсан желі қаралы
Тәуелсіздік пен қос ұғым


Ешкімге бермей есесін
Қуанды қазақ кеше шың
Қуансан қазақ сен қуан
Қуанбай басқа нетесін?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу