Өлеңдер ✍️

  08.03.2022
  136


Автор: Абдрахман Асылбек

Түсіме жиі енетін болдың

Түсіме жиі енетін болдың,
Көмескі түрде көретін болдым.
Төркіндеп кеттің, еркіндеп кеттің,
Құсадан жүдеп, өлетін болдым,
Қалқашым, қашан келетін болдың?
Келіпсің деймін түсімде бірде,
Барасың, топтың ішінде бірге.
Шақырған кезде бұрылып едің,
Танымай қалдым түсіңді мүлде,
Жаралы бетің ісіңкі түрде.
Түсімде сені тағы да көрдім,
Өлген бір жанның жанында көрдім.
Итеріп қолын, сытылып кеттің,
Менде оған: «Кет!» – деп, шабына бердім,
Оянып, сені сағына бердім.
Түсіме жиі кіретін болдың,
Бірақ та, сирек күлетін болдым.
Төркіндеп кетіп, еркіндеп кетіп,
Сағынтып мені жүретін болдың,
Бағаңды артық білетін болдым.

8.12.2001 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу