Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  314


Автор: Қасым Аманжолов

ДАРИҒАҒА ХАТ

Құралай көзі мөлдіреп,
Кекіл шашы желбіреп.
«Папалап» кеп әрдайым,
Сүйдіретін маңдайын.
Қозым менің, құлыным,
Әрі қызым, әрі ұлым.
Құсым менің, құлыным,
Әрі қызым, әрі ұлым.
Құсым менің , құлшынған,
Гүлім менің құлшынған,
Қызығына үй толған,
Көкірегіме күй болған.
Жалықтырмас жәрмеңкем,
Жайдары жаз, ақ еркем.
Көп түсірген ой маған,
Алтын оттай ойнаған.
Қуанышым арнасы –
Өмірімнің жалғасы.
Қағаз алып тартпадан,
Жазыпты ғой хат маған.
«Папа, сені сағындым...»
Деп жаздыпты дарындым.
Толған жақсың алтыға,
Сенің тұңғыш хатыңа
Қарапаймын да мәз болам,
Жаз осылай, жаз, балам!
1952 Қырым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу