Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  204


Автор: Қасым Аманжолов

* * *

Қыз- қызыл гүл бақшадағы,
Күн нұрынмен құлпырар.
Көрсе кенет әркім- дағы
Гүлді алуға ұмтылар.
Бірақ қызыл гүлдер көп қой,
Қайсы бірін аларсың?!
Көрінгенін үзіп кетпей,
Таңдап бірін табарсың.
Гүл жақсысын кім білмекші,
Иіскеп көрші иісін.
Үзбей тұрып иіскетсеңші,
Сен де гүлдің бірісің.
Хош иісіңмен құмар қылсан,
Құмардан бір қанатын.
Қызыл гүлім шын ұнасаң,
Сонда үзіп алатын.
Август, 1937. Шұбартау




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу