02.03.2022
  211


Автор: Баламер Сахариев

ТОЛСТОЙ ЖƏНЕ ƏУЕЗОВ

 


Ұлы жазушымыз Мұхтар Əуезов орыс реализмінің дəстүрлері жайын сөз еткенде революциялық-азаттық қозғалыстармен тығыз байланысқан орыс халқының көркем творчествосының дара ерек- шеліктері өмірді бейнелеудегі батыл жаңашылдық характерді ашудағы терең шыншылдық, жоғары идеялық ағартушылық пен халықтық сияқты сипаттарда жатқандығын атап көрсете келіп: «бұл дəстүрді бүкіл совет əдебиеті зор ұқыптылықпен бойына сіңіріп келеді», – деп жазған еді. Жоғарыда аталған қасиеттерді өз бойы- на түгелдей сыйғызған байтақ та мол мұралардың бірі, һəм бірегейі



  • орыс топырағында өсіп шығып, өркен жайып, жұпар иісін əлем əдебиетіне себездеген данышпан, ұлы ойшыл Лев Толстой творчес- твосы екені даусыз. Жалпы əлем əдебиетінде Толстой творчество- сына тұшынбаған, оның ықпалын азды-көпті сезінбеген қалам иесі сирек болса керек.


Біздің қазақ топырағында Толстойды аударуға батылы жетіп қолына қалам алған тұңғыш жазушы Ыбырай Алтынсарин болу ке- рек. Алтынсарин Толстойдың «Азбука» деп аталатын оқу құралынан балаларға арналған дидактикалық шағын-шағын төрт-бес əңгімесін қазақ тіліне еркін аударып (сюжетін пайдаланып) өзінің «Қырғыз хрестоматиясы», «Мəктубат» кітаптарына енгізді. Дəл осындай хал кейін Спандияр Көбеев басында болды.


Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Лев Толстойды интернатта оқып жүрген қазақ жастарына үлгі етіп ұсынғаны да баршамызға мəлім.


Қазақ-совет жазушыларының ішінде Толстой мұрасына ден қойғандардың алғашқы легінне Мұхтар Əуезов те болды. Ол сонау отызыншы жылдардың бас кезінде-ақ Толстойдың «Той тарқар»,


«Булька» атты əңгімілерін қазақ тіліне аударды. Атақты Ленинград университеттінде энциклопедиялық дəрежеде білім алған ғұлама жазушы Мұхтар Толстой сияқты сом тұлға, ірі суреткердің мұрасына аншейін бара салған жоқ, оқу үйрену мектебі санағандықтан саналы түрде барғандығы хақ. Əдебиетші Евгения Книповичтің естелігіне жүгінсек, Лениндік сыйлық жөніндегі комиссияның мəжілісінде


 


М. Шолоховтың «Адам тағдыры» əңгімесі талқыланған кезде сөйлеген сөзінде М. Əуезов прозасының шағын жанрына айрықша мəн бере отырып, «Лев Толстойдың творчествосын алайықшы, оған осындай сыйлықты тек «Соғыс жəне бейбітшілік» үшін ғана емес,


«Қожасы мен малайы», «Той тарқар» атты əңгімелері үшін де беруге əбден болады емес пе?» – деген екен. Толстой мұрасына деген Əуезов көзқарасының біраз сырлары осыдан-ақ айқын аңғарылғандай.


Қазақ əдебиет зерттеушілері мен сыншыларының көпшілігі-ақ Толстойды М. Əуезовтің əдеби ұстаздарының бірі деп санайды. Тек қазақ əдебиетшілері ғана емес, тіпті, басқа халықтың кейбір зерт- теуші, сыншылары да осындай пікірді қуаттайды. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясын өз тілінде оқыған француз сыншысы М. Лалу:


«Əуезов романына мен социалистік реализм əдісімен жазылғандығы үшін ғана емес, жазушының асқан зор таланты үшін көбірек толғандым. «Тынық Донның» авторы Шолохов секілді ол да Толстой мұрагерлерінің бірі боп саналуға тиіс» деп жазды. Əрине, орыстың ұлы ойшылы, данышпан жазушы Толстойдың жазу мəнерінен қазақ жазушысы Əуезов нені қабылдап, нені қойғанын стиль ере- кшелігінен нені үйренгендігін айту – өз алдына арнайы терең зерт- теуді, сарыла отырып тер төгуді қажет ететін аса күрделі тақырып, жауапкершілігі мол жұмыс. Солай бола тұрса да, əдебиет зерттеу- шілері мен сыншыларының жоғарыдағыдай тұжырымға келуінде де негіз жоқ емес сияқты. Мұхтар Əуезовтің өзіміз революцияға дейінгі қазақ халқының жарты ғасырлық тарихы, көркем энцик- лопедиясы деп атап жүрген «Абай жолы» эпопеясы мұндай атаққа көлемі төрт том болып жазылғандығы үшін емес, халық өмірінің небір қат-қабат қыртыстарын сан-сала бұрылыстары мен иін-иірім- дерін тың қопарғандай аударып, ақтара көрсеткендігі үшін, оның материалдық жағдайы мен рухани игіліктерін жарқырата ашып бергені үшін, ұлттық сана-сезімнің есею, даму процесін логикалық дəлелі мен байсалды суреттеп, айқын картина жасап бергендігі үшін ие болғандығы мəлім. Міне, дəл осы үшін де М. Əуезов кейінірек- те не бір кінəмшіл, талғампаз оқырманды ғана емес, тіпті, бір кез- де мұрнын шүйіре қарайтын «батыс цивилизациясы» деп атала- тын тəкаббар əлемнің өзін таңғалдырып, талантына табындырды. Жалпы эпопея деп қандай шығарма аталуға лайық деген мəселеге өз кезінде Гегель: «Барлық шыққаны елден ерекшеленіп, бізге семьялық өмірдің өнегелік, əдет-ғұрыптық негіздеріндегі, соғыс пен бейбітшілік халімнің қоғамдық жай-жағдаяттарындағы, оның қам-


 


қаракеттіктеріндегі, өнерлеріндегі жол-жоралғы, салтымдағы ынта- ықылас. мақсат-мүдделіріндегі ұлттық рухтың картинасын, жалпы ақыл-ой, сананың бар болмыс дарежесі мен хал-ахуалының бейнесін береді», – деп жазған болатын.


Əрине, орыстың өткен əдебиетінен осындай эпопеялық дəрежеге Лев Толстойдың «Соғыс жəне бейбітшілік» романы, кейін Горькийдің


«Клим Сасгиннің өмірі». М. Шолоховтың «Тынық Доны», А. Толс- тойдың «Азап сонары» мен «I Петрь» романдары көтерілген бол- са, қазақ-совет əдебиетінде М. Əуезовтің «Абай жолы» да дəл сон- дай шығармалар қатарына қосылды. Өйткені, бұл романда қандай жіті көзбен қарағанда да өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ өмірінде тарихи мəні бар шешуші құбылыстарынан көзге түспей қалтарыста қалған дүние шамалы-ау деп топшылаймыз. Өмір сүрген заманы, қоғамдық жағдайлары бөлек екі суреткер- ді, «Соғыс жəне бейбітшілік» пен «Абай жолы» эпопеяларының авторларын     жақындастыратын,     табыстыратын     ерекшеліктер



  • халық өмірін, ел өмірін барынша мол қарпуы, қоғамдық жай- жағдаяттарды қамтудағы əлеуметтік тынысының кендігі, кейіпкер- лер (əсіресе, бас кейіпкер) характерлерінің қалыптасуын ұлттық тарихи панорамада алып, жан-жақты суреттеуі жəне осының бəрін айқын, қанық бояумен безендіріп көркем бейнелеуі. Де- мек, Толстойдың М. Əуезов творчествосына игі ықпалы, қазақ жазушысының орыстың реалистік мектебінен оның ішінде Толс- тойдың суреткерлік, көркемдік, əдемілік академнясынан үйренуі, оқу-тоқуы жайындағы зерттеу-ізденістер осы мəселелердің төңірегінде болғаны абзал.


Абай жайында төрт томдық эпопея жазу үстінде жəне ұлы ақынның творчествосына талдау жасаған ғылыми зерттеу еңбектерін жазу тұсында Мұхтар Əуезов ұлы көсеміміз В. И. Лениннің Толстой тура- лы жазған данышандық еңбектеріне сан рет үңілгендігі байқалады. Бұған оның музей-үйіндегі өз кітапханасында сақтаулы тұрған Ле- нин шығармаларының ІV басылымындағы Толстой жайындағы мақалаларды астын сызып отырып оқығандығы, кей тұстарға белгі қойғандығы, ал Толстой ілімі мен көзқарастарындағы қайшылықтар мен оларды туғызушы тарихи-қоғамдық жай-жағдаяттарды талдаған тұстарына Əуезовтің өз қолымен «Абай да солай» деп қызыл қарындашпен жазғаны (15-том, 183-бетте) дəлел.


В. И. Ленин «Л. Н. Толстой жəне қазіргі жұмысшы қозғалысы» деген еңбегінде Толстой өзінің туысы мен тəрбиесі жағынан Рос-


 


сиядағы помещиктердің ең жоғары аксүйек тобына жататындығын, сөйте тұра ол өзінің ілімінде өз ортасының барлық үйреншікті көзқарастарынан бас тартып, қол үзгендігін, сөйтіп ең соңғы шығармаларында сол кездің қалың бұқараны қанауға негізделген барлық мемлекеттік шіркеудің, қоғамдық, экономнкалық тəртіптерін сынап, барынша шүйліккенін атап көрсетсе, «Лев Толстой – орыс революциясының айнасы» деп аталатын еңбегінде жазушының көзқарастары мен іліміндегі қайшылықтар қоғамдық даму заңдылықтарын толық ажырата алмаған осындай екіудай жағдайдан туған қайшылықтар екенін талдап отырып түсіндірді.


Мұхтар Əуезов өткен ғасырдағы қазақ қоғамының даму жағдайында Абай басынан Толстойға көп ұқсастық, ортақ туыстық тапты. Абай да аталы ақсүйек, алпауыт тұқымынан шықты, алайда, өзінің көзқарасында ол да өз ортасынан безініп шықты. Ол да Тол- стой сияқты таптық күрес идеясынан алыс болды. Сондықтан ол да дəл Толстой басында болған кайшылықтарға ұрынды. М. Əуезовтің кітап шетіне жазған «Абай да солай» деген екі сөзінде осындай дүйім дүние, сан-сала пікір жатса керек. Тарихта – Толстой Калуга төңірегінде болған аштықта арнайы комиссия кұрып, ашаршылыққа ұшыраған шаруаларға жəрдем ұйымдастырса, романда Абай қатал қыста жұтқа ұшыраған ауылдарға, қазақ кедейлерінің мал-жанына өз ауылынан пана беріп, жұттан аман шығарудың қамын жасайды. Де- мек, өзінің тамаша эпопеясының кейбір тарауларының оқиға желісін өрбітуде Мұхтар Əуезов бастапқы серпінді осындай жайларға бай- ланысты тапқандығы, ұлы ақынның шынайы образын жасауда Тол- стой творчествосы мен оның ілімін, көзқарасына берген Лениндік бағаны басшылыққа алғандығы аңғарылады.


«Қазақ əдебиеті», 8.09.1978 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу