02.03.2022
  399


Автор: Баламер Сахариев

ҰСТАЗ ХАҚЫ

 


Қазақтың белгілі ақыны, арғы-бергі ұлттық əдебиетіміздің, қала берді дүниежүзілік əдебиеттің бесаспап білгірлерінің бірі Қайнекей Жармағамбетов 1974 жылы 10 сентябрьде дүние салды. Арамыздан аға буынға іні бола білген, кейінгісіне жарқын да жайдары жаны- мен, қалтқысыз қамқорлық, ақыл-кеңесімен «Қакең» атанған үлкен жүректі азамат кетті. Творчестволық қызмет үшін егделік қылмайтын жаста ерте кетті.


Қайнекей Жармағамбетов 1918 жылы 25 августа қазіргі Торғай облысының Торғай ауданына қарасты «Шилі» деп аталатын колхоздың жерінде шаруаның семьясында дүниеге келді. Екі жасын- да шешесінен айрылған Қайнекей 1934 жылы əкеден қоса айрылды. 1932–1934 жылдары ол балалар үйінде тəрбиеленді. Ақынның сыры да, шыны да əмəнда жырында болады ғой. Қайнекейдің:


«Əлі есімде онда жетім баламын, Үйренбеген дəстүріне қаланың. Панасыздар мектебіне санқилы,


Ала кірдім дүлейлігін даланың»,– деген жыр жолдары («Ана хаты») оның өмірінің сол бір кезеңінен елес береді. Кешікпей Торғай қаласындағы бастауыш һəм жеті жылдық мектепті бітірді. Торғай топырағында туып, тақырда асық ойнап, Өлкейек өзеніне шомылып, шортан, шорағай аулаған, содан соң мектептің босағасын аттаған осы бір балғын шағын ақын кейпін:


«Əлі есімде мектепке алғаш барғаным. Сумка асынып, дəптер, қалам алғаным. Бір бұрышында сол сумканың жатқаны,


Кеней, сақа, кендір баулы қармағым», – деп еске алды («Мұғалима»).


1934–1938 жылдары Қазақтың педагогикалық училищесін бітір- ген Қайнекей Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтқа түсіп, 1941 жылы оның филология факультетін үздік бітіріп шықты. Институтты бітіргеннен кейін əртүрлі жауапты кызметтерде жүріп, ара-тұра өлеңдер мен мақалалар жазған Қайнекей 1949– 1950 жылдардан бастап творчестволық еңбекпен етене жақын шұғылданды. Оның «Адам туралы аңыз» (1950), «Заман біздікі» (1951) атты өлең жинақтары, «Əнші азамат» повесі (1951) əдебиет сүйер қауымның назарын бірден аударды. Содан бері ақынның


«Бетпақ дала очерктері» (1954), «Мұғалима туралы баллада» (1957),


 


«Балладалар» (1962), «Даурен» (1969), «Сырлы тал» (1971) атты кі- таптары жарық көрді. Бұл оның республикамыздың партия, комсо- мол ұйымдарында, Жазушылар одағында, баспасөз орындарында əр алуан жауапты қызметтер атқара жүріп қалдырған мұрасы. Қазірде қаза болған ақын жайында айтылар əңгіменің ресми жағы осындай. Қайнекей өз өмірінде «ақын болу шарт емес, ал азамат болу борышың» деп ұлы ақын Н.А. Некрасов айтқан қағиданы қазықтай берік тұтынған жан еді. Жастайынан партия қатарына еніп, сонда тəрбиеленіп, шыңдалған ол жас өрен, жаңа заманды, өмір өзгерістерін жыр арқауы етті. Ол ақындығының үстіне шын мəніндегі айтулы азамат болды. Əдебиет əлеміне 50-жылдардан кейін келген буын өкілдерінің ішінде оның ақыл-кеңесін тыңдап, ағалық көмегін көрген ақын, жазушы, сыншыларымыз да жетерлік. Бір ғажабы – ол шыл- быр тастайтындай жерге жеткен жас əдебиетшінің қайсысына да қол ұшын беруден айнымаған қалпымен етті. Тіпті өнер аталатын үлкен өмірге ол өзі тікелей қолынан жетелеп əкеліп қосқан адамдар да аз емес. Олар əрдəйім Қайнекей есімін ризашылық алғыс көңілмен еске алады. Ақынның «Қазақ əдебиеті» газетінің 1969 жылғы 18 октябрь- дегі санында жарияланған мына өлеңі дəл осындай шəкірттеріне ар-


налыпты:


«Шəкірттер, бірің – ғалым, бірің – ақын, Дейсіңдер тілек етсем бəрің мақұл.


Сөздерің ұстаз деген жан тербейді, Айтуды қойған қазір кəріп ақыл.


 


Сендерге бас иемін білген үшін, Төс көрмей көздеріңе ілген үшін.


Мақтанам сырттарыңнан өз құрбыма, Əр қайсың зор думанға кірген үшін.


 


Қашанда мен мақтаудың құлы емеспін, Кісімін қарапайым, ұлы емеспін.


Үйретсем өнер, білім əліппесін. Шүкірлік, сендер барда тұл емеспін.


 


Кешіңдер. кейде орынсыз қуаладым, Келмеді алдап-арбап дуалағым.


Біреуің қарсы келіп көргенің жоқ, Бақытты екенмін деп қуанамын.


 


Ақ кірпік бір кездегі балапандар, Талант пен талапты ала туған жандар. Заманның мұзбалағы атаныңдар, Күтіп тұр алдарыңда асқар заңғар».


Бұл өлеңін ақын маған арнаған деуге хақы бар адамдар əдебиет əлемінде де, байтақ республикамыздың барлық жеріндегі мектеп- терде сабақ беріп жүрген мұғалімдер қауымы арасында да аз емес.


1951–1952 жылдары ол Жазушылар одағында жауапты секретарь əрі «Əдебиет жəне искусство» журналының бас редакторы болып тұрғанда, журнал бетінде «Біздің жас авторларымыз» деген рубрика- мен қырық шақты ақын, прозаик, сыншының суреттері мен қысқаша өмірбаянын беріп, шығармаларын жариялаған екен. Енді қарасақ, оқырман қауымға Қайнекей тікелей өзі жетекші боп таныстырған солардың бірде-біреуі əдебиеттен аулақ кетпей, тұрақты кадры бо- лыпты. Көпшілігі қазір белгілілердің санатында.


Қайнекей қашанда кіріскен ісін жеріне жеткізбей тынбайтын отты да алымды, іскер болатын. Достары көзі жоқ жерде сыртынан:


«Қорғасын құйған сақадай салмақты, түскен жерін ойып түсетін отты да шымыр» – десетін. Ол біздің көңіл көзімізде дəл сол бей- несімен азаматтық қалпында сақталып қалды.


Қайнекейдің ақындық еңбегін ерекше танытқан – оның балла- далары. Қазақ поэзиясында баллада жанрын бастаушы болмаса да, түбегейлі қоныс тептіріп, орнықтырушы Қайнекей болды десек, артық айтқандық болмас деп ойлаймыз. Əу баста Европада (Фран- ция топырағында) туып, міндетті түрде қайырмасы бар, билеп жүріп айтуға лайық махаббат, ғашықтық əндерінің тексті ретінде тараған бұл жанр езінің сан ғасырлық даму, қалыптасу барысында алуан түрлі өзгеріске ұшырап, бүгінгі біз танитын қалпына жеткендігі мəлім. Əуелі ол би билеуден ажырап, қайырмасынан айрылды да, бірыңғай шұбыртпалы ұйқасқа құрылған жəне сол тəртіпті қатаң сақтайтын үш шумақ өлең жолдарына айналды. Өлең техникасының қиындығынан балладаның бұл түрі бір дəуірде жоғалып та кетті. Ал XVIII ғасырдың басынан бастап қайта жандана бастағанда бал- лада сюжетке, əсіресе тарихи тақырып пен аңыздарға, драмалық оқиғаларға құрылған өлең шумақтары ретінде танылды. Сөйтіп бір кездегі таза лирикалық өлең формасына қазір эпостың элементтері жай еніп қана қоймай, үлесі (потенциалы) басым жағдайға жетті. Жəне көбінесе мысал өлеңдегі тəрізді оқиға шешімінің күтпеген сəтте кенет болуы да, баллада үшін маңызды түйіннің біріне ай-


 


налды. Міне, сондықтан да Қайнекей Жармағамбетовтың сюжет- ке, оқиғаға құрылған балладаларының көпшілігі кішігірім поэма тəрізді əсер береді. Бұл ретте оның: «Большевик туралы баллада»,


«Мұғалима», «Жидебайдың түндері мен күндсрі», «Галилей туралы баллада», «Фирдауси туралы баллада», «Ақын мен ажал», «Бетпақ дала аңызы» т. б. шығармаларын атауға болады.


Ақынның «Мұғалима» атты балладасы туралы бір оқиға есім- де қалыпты. 1960 жылы апрельде В. И. Лениннің туғанына 90 жыл толуына байланысты кездесуге шақырылып, Жазушылар одағынан төрт адам: Қайнекей Жармағамбетов, Қуандық Шаңғытбаев, Ғафу Қайырбеков жəне мен астана іргесіндегі Талғар селосына бардық. Кездесу мектеп клубында өтті де, тыңдаушылар сондағы қазақ орта мектебі мен бір училищенің оқушылары болды. «Қазақ-совет поэзиясындағы В. И. Ленин образы» туралы шағын баяндамадан соң ақындар өлеңдерін оқыды. Өлең оқудың соңғы кезегі Қайнекейге тиді де, ол «Мұғалима» атты балладасын бастады. Бүкіл өлеңнің өн бойында əдетте сыбыр-күбірсіз отыра алмайтын мазасыз аудитория қыбыр етіп қозғалмастан, тұнып тыңдады. Балладаның соңында балаларға əңгіме оқып берген мұғалима Екатерина Ивановна сонау алыс жылдары Сокольникиде, жетім балалар үйінде болған жаңа жылдың кешінде Ильичтің қолынан қуыршақ пен пакет алған кіш- кентай қыз Катя болып шыққанын естігенде, шəкірттер залды дүр сілкіндіре ұзақ қол соқты. Біз Алматыға қайтып келе жатып, жол бойы: «Əрбір өлеңнің өз оқырманы, өз тыңдаушысы бар-ау, сірə»,



  • деп ұзақ əңгіме етіп келдік.


Қайнекей балладаларын да, тіпті жай өлеңдерін де сюжетке құруға бейім əрі шебер ақын. Оның тың игеруге арналған «Бидай туралы балладасында» Қостанайдың Қарабалық ауданында туған бір сол- дат майданнан жараланып қайтып келе жатып, Смольныйға соғып, ұлы көсеммен шаруашылық жайын, диқан тірлігі жайын сөйлеседі.


«Майданды қойып, еліңе қайтып, егінші бол», – деп кеңес берген Ильич солдатқа көтерінде бір дорба кубанка сортты ақ бидайды сыйға тартыпты. Баллада былайша аяқталады:


«Сол солдат туған жері Қарабалық, Келіпті көсем сыйын далаға алып.


Жыл сайын жалғыз дəнін төкпей-шашпай, Өсіріп келеді əлі дана халық.


 


Мақтаныш болатұғын əр елге де, Теңі жоқ телегейдей əлемде де,


 


Толқыған тың өлкеде байтақ егін, Лениннен келген бізге сəлемдеме».


Ақын «Тың жерді игергені үшін» (1956) жəне В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына арналған юбилейлік медальдармен осын- дай тамаша ақындық еңбектері үшін наградталды.


Оның өлеңдерінің тақырыбы алуан түрлі. Сонау азамат соғысының қаһармандары, ауылға азаттық ала келген большевиктер, халық ба- тыры Аманкелді Иманов, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы совет партизандарының ерлік істері, тың игерушілер табысы, бүгінгі за- мандастар бейнесі – бəр-бəрі де Қайнекей жырларынан лайықты орын алды.


Ақынның аударма саласына сіңірген еңбегі өз алдына бір төбе. Оның Шиллерден, Мицкевичтен, Лермонтовтан т. б. аударған бал- ладалары мен орыс-совет ақындарынан аударған өлеңдерін былай қойғанда, қазақ оқырмандары Б.П. Ершовтың орыс ертегісінің не- гізінде жазылған «Тұлпартай, сұңқар тай» («Конек горбунок») дастанымен, сондай-ақ А. Бартоның балаларға арналған көптеген өлеңдерімен Қайнекей Жармағамбетов аудармасы («Жақсы кеш»



  • жинақ, 1955) арқылы танысты. И. С. Тургеневтің «Əкелер мен ба- лалар» атты романы да қазақ оқырмандарына Қайнекей аудармасы арқылы тарады (1953).


Ақынның бұл саладағы еңбегі сөз болғанда, оның өзінің төл туындысындай саналып, кеңінен тараған – Чилидің аты əлемге əйгілі патриот, коммунист ақыны, Халықаралық Лениндік сыйлықтың лауреаты Пабло Неруданың бірнеше поэмасының аудармасы бол- ды. Аударманың соншалықты ұтымды шығуының себебі қазақ ақынының Неруда поэмаларын орысша басылымындағы ақ өлең (ұйқассыз) нұсқасынан алып, онбір буынды қара өлең ұйқасымен аударуында ғана емес, өмір бойы əділдікті жақтап, бейбітшілік үшін күрескен антифашист ақынның жан дүниесін, жүрек тебіренісін жақсы түсінгендігінде еді.


«Бір уыс топырағымын туған жердің, Бір тамшы көз жасымын азалы елдің, Дауылды дауылпаз да емеспін мен, Бір шумақ өлеңімін қайғы шердің».–


(«Қашқын» поэмасынан) деп əлемге жар салған дауылпаз ақын Паб- ло Неруданың:


«Ей, солдат, саған тиген үзім нан да Иленген көз жасы мен қызыл қанға;


 


Атылған мың адал жан алдыңда тұр Наныңда біздің қаннан бар деп таңба»,–


(«Орманшы да оянар» поэмасынан) деген жолдары Чилидің дəл бүгінгісін көзбен көріп, фашистік əскери хунтаның айуандықтарына лағнет айтып тұрғандай естіледі.


Қайнекей Жармағамбетов əдебиеттің тарихын, теориясын, əр жанрдың сипатын бүге-шігесіне дейін жете білетін жан-жақты, эру- дит əдебиетші əрі сыншы еді. Ол өмірінің соңғы күндеріне дейін əдебиетіміздегі халықтар достығы, бейбітшілік тақырыбы жайын- да, поэзия мен прозаның əр алуан мəселелері жайында, жеке ақын- жазушылардың шығармалары жайында үзбей мақалалар жазып тұрды. Ол 1947–1954 жылдар арасында орта мектептің X класы- на арналған «Қазақ-совет əдебиеті» оқулығы авторларының, сон- дай-ақ 1949 жəне 1968 жылдары жарыққа шыққан «Қазақ-совет əдебиеті тарихы очерктері» авторларының бірі болды. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап шығарған М. Горький, Жамбыл Жабаев, Б. Майлин, С. Мұқанов туралы жеке-жеке шағын кітапша- лары да күні бүгінге дейін өз міндетін атқарып келеді.


Əрине,   ақынның   ақыл-ой,   парасатқа,   идеялық   көркемдік


қасиеттерге толы салихалы жырлары туралы айтылар сөз де, кейде шынашақ айналмай шарт етсе де ашуы шылым шеккендей уақытқа жетпей, бəз-баяғы жайсаң да жандары қалпына келетін зілсіз мі- незі мен барынша қарапайым, бауырмал бейнесі жайында жазылар естеліктер де əлі алда.


1976-1978.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу