01.03.2022
  272


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

өРкЕНИЕТТі ҚОғАМғА өЛіМ ЖАЗАСы кЕРЕк ПЕ?

Өлім жазасына моратоорий жариялау-өркениетті қоғам- ның басты талабы. Бірақ, оның күнгейі мен көлеңкелі тұста- ры жетіп артылады. Бір кезде Альберт Эйнштейн былай деген еді: «Адам дүниеге біреудің қорлығын, азабын көру үшін кел- ген жоқ. Оның денесін паршалап, күл қылып жіберуге болар, бірақ жеңу мүмкін емес...»


Шынында да адам баласы бұл дүние жарыққа біреудің қолжаулығы, құл-құтаны болу мақсатында немесе азап арқа- лау үшін келген жоқ қой. Көркем әдебиет жас баланы сая- си қайраткерге дейін тәрбиелейді десек, қоғам алауыздығы керісінше, осы сәбиді қанды қол қарақшыға дейін құлдыра- татынын бүгінгі заман дәлелдеп отыр.


Сонымен, өлім жазасы керек пе? Осы мәселеге келгенде әлем жұртшылығының ымырасыз екі пікірді ұстанып отыр- ғандығы мәлім. Яғни, бірі “Өзгенің өміріне қастандық жаса- ған адамның өзінің де өмір сүруге хақысы жоқ” десе, екін- шісі “мейлі ол қанша жерден қылмыскер болса да, ең әуелі



  • адам. Ал, адамды ату, асу арқылы жазалау қазіргі қоғамға лайық нәрсе емес” дейді. Қай-қайсыныкі де көңілге қонады.


 


Дегенмен, бәрін қоя тұрып, ең әуелі, адамгершілік таразысы- на салып көрейікші! Өлім жазасы керек пе?


Енді осы жазалаудың ең жоғарғы сатысы туралы аз мәлі- мет бере кеткен жөн шығар. Біздегі бүкіл жазалау тәртіптік- құқықтық саласының күллі жүйесі кешегі кеңестік империя ықпалымен жасалғаны өтірік емес. Түп-тұқиянымен, тамы- рымен қопарып тастауға болмайтын осы бірі тіні нәзік са- ланың біршама тармағы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның құ- қықтық жүйесінде әлі қолданылып келеді. Мысалы, КСРО- да өлім жазасы 1917, 1920 және 1947 жылдары алынып тас- талғаны белгілі. Өйткені, атақты қазан төңкерісінен кейін кезінде адам қаны судай шашылып, дүние екі дайға бөлініп, жазықсыз жандар миллиондап көз жұмды. Сонау ашаршылық жылдары мен Ұлы Отан соғысында да солай болды.


Осыдан отыз жыл бұрын В.Я.Черкасов “Адам және заң” журналында мынадай пікір білдіріпті: Гюгоның “Өлім жа- засына кесілгеннің соңғы күнінің” алғысөзін оқу адамға жа- ман әсер қалдырады. Бұдан жүз жыл бұрын өмір сүрген ав- тор жаңағы күнәлі жанды Франциядан қуып, өркениетсіз бір жаққа жер аударуды ұсынады: Түркияға жіберуге болмай- ды. Онда өлім жазасы алынып тасталған, жабайыларға апа- рып тастаса да болмайды, Таити аралында бұл жаза қолда- нылмайды, қайда болмасын бір қиянға... мысалы Россия- ға жіберу керек сияқты. Өз Отаның туралы осындай салыс- тыруға ұяласың. Бірақ, Гюго қателеспепті, “Жүздеген жыл- дардан кейін Ресейде, көрегендікпен жазған француз клас- сигінің болжамы айны-қатесіз келді. Бұл айуандық емес пе?”... Ия, В.Я.Черкасовтың осылай деп налуы отыз жыл өткеннен кейін тәуелсіз Қазақстанның құқықтық-тәртіптік саласында да буырқана көтеріліп, ақыры өлім жазасына мо- раторий жариялауға тіреліп отырмыз.


Бұл мәселенің төркіні қайдан шықты? Көпшіліктің қызу талқысы мен заңды және тосын пікірлерді тудырған жағдай Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өлім жазасына мораторий енгізу туралы пікірі болды.


Шынында да, өлім жазасының өзектілігі сонда, ол тек осы саладағы мамандардың ғана емес, барша бұқараны селт


 


еткізер аса ауыр, әрі күрделі мәселе. Бұл кезек күттірмей, ше- шімін табатын жағдай төңірегінде бүкіл әлем халқы алаң- даушылық тудырып отырғаны тегін емес.


Ендеше, өлім жазасына байланысты бірқатар халықара- лық құжаттарға тоқталып кетейік. 2001 жылы Страсбургта өткізілген өлім жазасына қарсы Бірінші бүкіл әлемдік кон- грестің қорытынды декларациясында “Өлім жазасы адам- ның маңызды құқықтарының, ең алдымен өмір сүру құқы- ғын, әділеттікті таптап, кектің салтанат құруын күшейтеді. Сол сияқты, өлім жазасы ешқашан қылмысқа ескерту құ- ралы болған емес. Оның негізінде шектен шыққан зұлым- дық, қинау, адам абыройына нүқсан келтіру, ізгілікке қарсы әрекет деген ұғым бар” делінген. Бүгінгі таңда Еуропадағы қауіпсіздік және өзара ықпалдастық жөніндегі ұйымға мүше


55 мемлекеттің 10-ында өлім жазасын қолдану жалғасып келеді. Ал, осы адамгершілікке жат жазаны 1999-2000 жыл- дары орындаған елдердің ішінде АҚШ, Беларуссия, Өзбек- станмен қатар Қазақстанның болуы өлім жазасын біздің елімізде тоқтататын кезеңнің келгенін айғақтай түседі.


Бұған қосымша Қазақстан Республикасы Конституция- сының 15-бабында “әрбір адам өмір сүруге хақылы” деп жа- зылған. Ал, Қылмыстық кодекстің 17-бабында Ата Заңы- мызда бадырайтып тұрып жазылған әлгі ғибратты жолдар- ды жоққа шығарып, өлім жазасы қарастырылған. Осындай кереғарлықтар біздің жазалау-тәртіптік жүйемізде көп кезде- сетіні өкінішті.


Алайда, адами тұрғыдан талқыға салар болсақ, өлім жаза- сын қолдану қоғамдағы зұлымдық пен қатігездікке жол ашып бергенмен тең. Сондықтан, адам абыройын сыйлағандықтан, адамның ең басты құндылығы – өмірін баянды ету жолын- да өлім жазасынан бас тарту сауап іс болмақ. Қалай деген- мен де, өз азаматтарын (қылмыскерлерді) өлтіретін мемлекет елдегі моральдық ахуалды жақсарта алмайды. Адам өмірін ажалға байлаудың кез-келген түрі қоғамдық құндылықтарды жойып, зұлымдыққа қарсы күресті әлсіретеді. Бұл өркениет көшіне ілескен құқықтық мемлекет алып машина – қасап рөлін атқара алмайды деген сөз.


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқық-


 


тық статистика және ақпарат орталығының мәліметтеріне қарап отырсаңыз, төбе шашыңыз тік тұрады.


Осы көз жүгіртудің өзінде ауыр деректер былайша сөй- лейді: 1997-2001 жылдар аралығында орта есеппен жыл сай- ын 53 адам, жалпы саны 266 адам өлім жазасына кесілген. Со- лардан 150 өлім жазасы жүзеге асқан. Яғни, Қазақстанда жыл сайын 40-тан аса адам мемлекет қолынан өмірімен қош айты- сады деген сөз. Жоғарыда айтылған 266 адамның 150-і жарық дүниемен қош айтысты десек, 27 адам рақымшылдық алған. Мойындарына ажал қамытын киген 89 адамның тағдыры не болды деген сауал өздігінен туындары сөзсіз.


Егер ашығын айтсақ, бүл 89 жан әзірейіл ажалын торыға күтіп, оның психологиялық салмағын көтере алмай өзіне- өзі қол салып, жазалау орнында шейіт болғандар екен. Бір өкініштісі, өлім жазасы тағайындалғандардың барлығы кі- сі өлтіргендер. Егер адами тұрғыдан бағамдасақ, өлім жа- засы өзін-өзі ақтамайтыны ақиқат. Өйткені, өлім жазасына кесілгендердің санасында жасаған қылмысына өкінуден гөрі өлім сағатын күту басым болады. Бұл жерде қылмыскердің өз кінәсін мойындауы мен өкінуі үшін өмір бойы бас бос- тандығынан айыру жазасын тағайындау орынды екенін тәжі- рибе көрсетіп отыр.


Бір қарағанда, өзгенің өміріне қол сұққан қылмыскердің жазасын жеңілдету, яғни өмірін сақтау ақылға да, адамгерші- лікке де сыймайтын нәрсе. Адамға өмірді құдіреті күшті Алла берген. Ендеше, өз құрбандарының өлім мен өмір мәселесін шешуге қылмыскердің қандай хақысы бар? Алайда, өлім жа- засын сақтағаннан қылмыс азая ма? Бұл жерде басты мәселе



  • жасаған қылмысы үшін кім-кім де жауапты турасында бо- луы тиіс. Бірақ, бәрібір бұл да қара жамылып қалған жандар қайғысының жанында түк емес... Міне, осылай өлім жаза- сы туралы көпшілік пікірі екі дайға бөлініп түр. Біреулер бұл шектен шыққандық десе, екінші біреулер ең жоғары жазаның күшінде қалдырылуын құптайды.

    • Өлім жазасы әр елде әрқалай орындалады. Мәселен, АҚШ-та өлім жазасына кесілген адамнан жазаның қай түрін қалайтынын сұрайды. Оларда өлім жазасын орындаудың екі




 


түрі бар. Біріншісі ату, екіншісі-электр орындыққа отырғызу.



  • Кеңес өкіметі кезінде өлім жазасына кесілген адамды бай- қатпай ату тәсілі қолданылатын. Мұны сол кездегі билік “гу- манизм” деп түсіндіргені де жасырын емес. Ал, мұсылман ел- дерінде ежелден келе жатқан өлім жазасының түрі сақталып қалған. Жақында Иранның астанасы Тегеранда ауыр қылмыс жасаған, яғни әйел зорлап, қарақшылықпен айналысқан бес адам өлім жазасына кесілді. Жаза қалай орындалды дейсіз ғой? Тегерандағы Бостандық және Тәуелсіздік алаңдарына таң атпастан бес көтергіш кран көлігі жеткізілді. Содан ке- йін, көптеп жиналған жұрттың, жәбірленушілердің туған- туыстарының көзінше, қылмыскерлер көтергіш крандарға асып өлтірілді. Кейбір елдерде өлім  жазасы  улы  ине са- лу арқылы орындалады. Ал, бізде тек ату жазасы ғана бар. Қылмыскердің қалай атылғаны аз ғана адамның қатысуымен құпия түрде жүзеге асады. Яғни, оның қалай атылғаны бұ- қараға жария етілмейді. Қылмыскер атылған соң, оның мүр- десі арнайы белгіленген жұмбақ орынға көміледі. Халық- аралық ережеге сай марқұмның мүрдесі туған-туыстарына да берілмейді. Мәселен, 1997 жылы Пәкістанда елдің бұрынғы премьер-министрі Зульфикар Әли Бхутто өлім жазасына ке- сілді. Басқа-басқа, тіпті, сол кездегі аты көпшілікке белгілі премьер-министрдің де мүрдесі туысқандарына табыс етіл- ген жоқ. Сондай-ақ, көрші Ресейде де өлім жазасына ке- сілген қылмыскердің мүрдесі берілмейді. Тіпті, бір кездері осыған қатысты Ресейде “өлім жазасына кесілгендерді уран кеніштерінде жұмысқа салады екен”, “оларға әртүрлі химия- лық вакциналар мен дәрі-дәрмектер салып, тәжірибе жасай- ды екен” деген гу-гу әңгіме шыққан болатын. Біз бұл жерде мына бір көріністі қаперде ұстауымыз керек: қылмыскерді қаншама атып-асып жатсақ та, бәрібір елімізде ауыр жаза- лардың қылмысқа тосқауыл бола алмағанын көреміз. Мұнан шығатын қорытынды мынау: еліміздегі және әлемдегі қыл- мысқа қарсы күрестің ең пәрменді құралы, әрі сенімді жо- лы террорға террормен, жауыздыққа жауыздықпен жауап бе- ру емес, керісінше сол жауыздық пен террорды туғызатын әлеуметтік дерттерді емдеп, адамзатты қылмыстан арашалау, айықтыру және имандылыққа бет бұрғызу болса керек.


 


Бір қуанарлығы, уақыт өткен сайын біздің жаңа қылмыс- тық кодекстерімізге адам психикасына байланысты көпшілік көңілінен шығатын соны баптар енгізіліп отыр. Мысалы, со- лардың бірі жан күйзелісі (аффект) жағдайында жасалған қылмыстар жайлы. Мұндағы елеулі өзгеріс – табан астын- да пайда болған жан күйзелісі үстінде ашумен қылмыс жа- сау деген ұғымның “аффект” деген терминмен ауыстыры- луы. Аффект жағдайында қылмыс жасау жәбірленушінің мо- ральға жат, азғындық қылығы немесе заңға қайшы әрекеті



  • итермелеуші күш болып табылады. Яғни, жәбірленушінің мақсатынан тыс, ойламаған арнаға түсіп, ақыры кісі өліміне әкеп соғуы мүмкін.


Мысалы, жақында Маңғыстау облысы, Бейнеу кентінде тұратын Ж, деген азамат әйелімен өз үйінде шай ішіп оты- рады. Сол кезде үстеріне Ж-ның баласы мас күйінде ке- ліп “менің жолдас балам “Волга” көлігін алды, ал сендер қайыршысыңдар” – деп балағаттап, ұрып-соғады. Онымен қоймай, аурушаң әкесін ішке тепкілейді. Мына сұмдықты көре тұрып, шыдай алмаған Ж. жан күйзелісі (аффект) жағ- дайында ауыз үйде тұрған балтаны алып, баласының да, әйе- лінің де бастарын шауып тастайды. Кейін сот мәжілісінде от- басы Ж. өзіне тағылған ауыр айыпты толығымен мойындай- ды. Және өз қылмысынан кейін көршілеріне айтып, полиция шақыртқан. Жалпы, Ж-ның туған-туыстары да, көршілері де бұл үйде бұрын-соңды ұрыс-керіс болмағанын айтады. Оның үстіне психологиялық аурудан ада отағасы Ж. жуас адам болған. Бәрібір болар іс болып тынды. Алайда, қылмыскер өзінің көптен ауырып, жұмыссыз қалғандығын, отбасының материалдық жағдайының әбден нашарлағанын, баласының араққа салына бастағанын, соның бәрі жүйкесін жұқартқанын, ал сол қаралы күні баласының әйелі екеуін балағаттағанымен қоймай, ұрып-соғуына шыдамай, қылмысқа барғанын күй- зеле әңгімелейді. Тергеу кезінде өткізілген психиатриялық сараптама қорытындысы Ж.-ның ақыл-есінің дұрыс екендігін айта келіп, ол қылмыс жасаған кезде физиологиялық аф- фект жағдайында болған деп тұжырым жасайды. Маңғыстау облыстық соты бұл істі Қазақстан Республикасы Қылмыстық


 


кодексінің 98-бабының 2-бөлімімен саралап, қылмыскерді 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.


Міне, қас пен көздің арасында талқаны шығып жатқан шаңырақтар, тағдырлар аз ба? Осындай алапат жан күйзелісі үстінде ауыр қылмыс жасап алған жандардың бәрін өлім жа- засына кесе берсек не болмақ?


Егер тереңірек бойлайтын болсақ, бұл жерде Маңғыстау сотының шешімін құптамасқа болмайды. Негізінен қоғамда- ғы қылмыс атаулы белгілі бір тежегіштер арқылы реттеліп от- ыруы керек. Соның ішінде қылмыстық жазалау – мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының ең жоғарғы шегі. Яғни, жазалау жолы- мен субьектінің белгілі бір құқықтары шектеліп отырады. Бұл қағиданы жүзеге асырудың бір мақсаты – қатал болу. Алай- да, бұл қатігездік таныту деген сөз емес. Мысалы, көшпелі қазақтардың әйгілі ел билеу заңы “Жеті жарғыны” парақтап қарайық.


Осы Жарғының басында былай делінген. “Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған (құныкерге) өлім жазасы кесіледі, бірақ жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады (ер адамға 1000 қой, әйелге 500).


Міне, көрдіңіздер ме, бұрынғылар өз жамиғатын қыл- мыскер болса да, өлімге қимай, қүн төлеттіру арқылы өмірін сақтап отырған. Себепсіз салдар болмайды. Ендеше, біз де осы көреген бабаларымыздың бай тәжірибесінен сабақ ала білсек, ұтарымыз көп болар еді.


«Өмір» журналы, 2006 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу