Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  246


Автор: Абдрахман Асылбек

Өзіңді-өзің жекпесең

Өзіңді-өзің жекпесең,
Қиындықтан шеттесең,
Ілесе алмай көпке сен,
Қор боларсың текке сен.
Өзіңді-өзің білмесең,
Өзгелерді күндесең,
Тура жолмен жүрмесең,
Таяқ жерсің күнде сен.
Өзіңе-өзің сенбесең,
Ақылға ерік бермесең,
Білгендерге ермесең,
Сор боларсың елге сен.
Өмір бойы терлесең,
Қиынға қол сермесең,
Шапқан сайын өрлесең,
Мәңгілікке өлмас ең.
***
Дүниеде қаталдықты көп көрдім,
Көп күнімді қапалықпен өткердім.
Арқа сүйер ағайыным болмады,
Қызғалдағын үзгенім жоқ көктемнің.
Кешірмеді кемшілікті ісімді –
Кей туысым кері қарай ысырды.
Кінәлі боп кісі алдында амалсыз,
Кете бердім қайрап іштей тісімді.
Бірте-бірте мәнін біліп істің мен,
Қыл шылбырдай ширатыла түстім мен.
Келе-келе еніп кеттім ен топқа,
Сан ауырлық серпіліп бір үстімнен.
Шынымен-ақ жек көргеннің өзінде,
Көмектескен екен кей жан кезінде.
Жамағаттың жетегінде жүрмедім,
Өмірдің өз түзетілдім тезінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу