Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  159


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

КАСПИЙ ТОЛҚЫНЫ

Қарт Каспий-Атам,
Түнеріп кеткен қабағы,
Асау толқындар
соғады келіп жағаны.
Алып жартастар
қорғаны болып тұрмаса,
Тентек толқындар
кетерме еді кезіп даланы.
Көкпеңбек аспан,
ақ ұлпа бұлттар ағады,
Кім қуды екен,
асығып қайда барады?
Қимастық болар,
көз жасы болар бұлттардың,
Теңіз бетіне
мөлдіреп тамшы тамады.
Жағада тұрмын
сезімдерменен күресіп.
(Менде де ес жоқ
мықтыларменен тіресіп).
Өзіме өзім
көңілім толмай барады,
Неге кетпедім
ақша бұлттарға ілесіп.
 Қарсы толқынға
құлашты сосын сермедім.
Каспий толқыны
ақ көбігінде тербеді.
Қасыңда жүрсем
қадіріңді сенің білмес ем,
Керемет қандай
сағынып сені келгенім.
14.14.2014 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу