Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  176


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ӨТІНІШ

(Расул Ғамзатовтан аударма)
Өтінемін сендерден,
Сұранамын.
Аналарың ешқашан жыламасын,
Құлағың сал қайғы алып жүргендер,
Өз-өзіңді кешіре алмай жүрмеңдер.
Өрекпиді жүрегім ашық күнде,
Айқай салам, оянам кейбір түнде.
Анам мені шақырып жататындай,
Құлыным деп маған тіл қататындай.
Қаумалаған мені бүгін,
Жарандар.
Жылағаннан басқа қандай шараң бар.
Өз анаңның дауысы тәтті жырдан да,
Қадірлеңдер
Сәл кешікпей тұрғанда!
15.03.2013 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу