26.02.2022
  152


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

ӨКІНІШКЕ ТОЛЫ ШЕШІМ

Көкшетау облысы таратылған тұста осы облыстың Айыртау ауданын- дағы Сырымбет атты елді мекен Солтүстік Қазақстан облысының қарама- ғына енді. Бұл — өте-мөте өкінішті жай.


Атақты Ақан сері жырға қосқан Сырымбеттің тарихы Бурабаймен егіз, оларды ажыратуға, бөліп қарауға болмайды. Абылай ханның тұңғыш ұлы Уәлихан мен оның ұрпағы Бурабай мен Сырымбетті бірдей жайлаған. Уәлиханның зираты Көкшетау қаласынан жиырма бес шақырым жердегі Қарақалпақ атты төбеден табылды. Шешесі қарақалпақ қызы Сайман ханымның қасына жерленсе керек. Ал ханның кіші әйелі Айғанымның қонысы Сырымбет болған. Уәлихан қайтыс болғаннан төрт жылдан кейін 1824 жылдың 30 сәуірінде, императордың қолдауымен билігі бар Сенат


 


 


(правительствующий Сенат) «Сырымбет және оның өңірі басыбайлы Ай- ғаным ханым мен оның балаларынікі болсын» деген шешім қабылдайды, Орда деп аталатын елді мекен: ағаш үйлер, мешіт, монша, сарайлар салы- нады. Ханым о дүниеге аттанғанда баласы Шыңғыс ие болып қалады. Аты аңызға айналған біздің Шоқанымыздың балалық шағы осы алтын ұя — Орда- да өткен, аты аталған елді мекендер бөлінбей, бірінен-бірі ажыратылмай тура Көкшетау округіне бағындырылады.


Полковник Шыңғыс кейінірек осы округтың аға сұлтаны болып сайлан- ған. Бурабай мен Сырымбет — тарихи өңір. Бұларды аралау үшін, әрі-беріден соң күту, қастерлеу, сақтау үшін де, шаруашылықтары бөлек екі облысқа тара- тылмауы керек еді. Көкшетауға келіп, Сырымбетке барайық десек, ол басқа облысқа қарайды ғой деген сөзді естідік. Бұл — қиянаттың қиянаты, буынсыз жерге салынған пышақ. Менің ойымша, көзді жұмып, алынған шешімді қайта қарау керек. Тарихқа тереңірек үңіліп, қателік түзетілсе, патриоттық сана- сезіміміз ұлғая түсер еді, әділдіктің көзі ашылар еді.


Тағы бір өкінішті жай — ол Алматыдағы Абылай ханға арналған ес- керткіштің тұратын орнына байланысты.


Белгіленіп отырған жер — екінші Алматы вокзалының алдындағы алаң, мұнда бұрын Калининнің ескерткіші тұрған еді. Қанша уақыт тұрса да, ескерткіштің қасына бірде-бір адам барып отырған да, не демалған да емес. Себебі, өте қолайсыз жер: ығы-жығы адам, көл-көсір көлік.


Алматыда Абылай хан ескерткішіне конкурс өткендей болды. «Өткендей болды» дейтінім, өте шала өтті. Турасын айту керек, біріншіден, бәйгенің шарты аяғына дейін сақталмады, дер кезінде (белгіленген уақытта) қаралып, шешім тез шығарылмады. Екіншіден, қазылар алқасының шешімі аяғына дейін сақталған жоқ, белгіленген сыйлықтар берілмеді.


Алматыда конкурс (мүсін, сурет саласында) өткізу жылдан-жылға қиын- ға соғып барады. Тамыр-таныстық, белгілі бір топтардың қажетін өткеруді көздеу басым. Қазылар алқасының шешіміне бәйгені ұйымдастырушы мекеменің қызметкерлеріне дейін ықпал жасайды. Осының салдарынан Абы- лай ханға арналған конкурс та бірнеше айға созылды. Осы күнге дейін кім екінші, кім үшінші орын алғаны белгісіз.


Басты кемшілік — болашақ ескерткіштің тұратын орнының сәтсіз бо- луы. Вокзал алаңының негізгі мақсаты — ағылып жатқан жолаушылардың келуіне, кетуіне жағдай жасау, «жол мұраты — жету» деген ұғымға сай


 


 


болу. Вокзал — адам емін-еркін демалатын, не тыныстайтын жер емес, оның функционалдық міндеті басым.


Дүниежүзілік тәжірибеде вокзал алаңына орнатылған ескерткіш бар. Ол — Санкт-Петербургтегі Финляндия вокзалы алдындағы Ленинге қойылған ескерткіш. «Күн көсемнің» броневикке шығып алып сөйлеп тұрған кейпі берілген, тарихта болған іс деседі. Бұл — саясат араласқан шығарма, эстетика- лық қадір-қасиеті орташа. Ал біздің жігіттердің Абылай хан бейнесін қалай- ша вокзалдың функциясымен байланыстырғанын, құдай біледі, түсінбей- мін. Вокзалдан шыға келгенде, артын беріп атты мүсін тұрады. Вокзалға кел- генде мен ескерткішті көруге емес, пойызға мінуге келемін ғой. Сондықтан ескерткішке көңіл бөле алмаймын.


Елбасының, мемлекет қайраткерінің мүсіні ресми алаңда, асықпайтын, аптықпайтын жерде орналасқаны абзал. Оған келгенде жанарынан от, бойы- нан күш-жігер көргіміз келеді. Өткенге көз жіберіп, болашақты болжайтын- дай, ақыл-кеңес алатындай күй кешсек дейміз. Абылайға лайықты Алматыда орын бар ма десек, бар және бірнеше деп жауап берер едік.


Ең бірінші айтарымыз, Тәуелсіздік монументі орналасқан алаңдағы трибу- на тұрған жер. Сіз трибунада тұрсаңыз, артыңызда қасқайып Абылай бейнесі тұрса, ол сізге жігер, күш-қуат бермей ме? Қанатты барыстың үстінде тұрған батыр мен кеше ғана өткен Абылайдың бейнесі үндестік тапса, біздің жүрегімізге де солардан ұшқын түспей ме?


Жарайды, жаңа алаңды ауырлатпай-ақ қояйық десек, тағы бір орын бар. Ол — ескі үкімет үйінің (авторы Б. Р. Рубаненко) солтүстігіндегі кең сквердің оңтүстік қапталы, тың игерушілерге ескерткіш орнатылады деп тас белгі қойылған жер, бір жағы — Абылай хан даңғылы, екінші жағы — у-шуы аз Панфилов көшесі. Осы скверді түгелімен Абылайға, оның үзеңгілес, елін- жерін қорғаған батырларына бағыштауға болар еді. Әрине, бәрін рет-ретімен кешендік кейіп беріп (комплексное решение) істеген орынды. Ал енді, 2-Алматы вокзалы, қалай айтсаңыз да, Абылай ханға лайық емес. Қазылар шешімінен таймай вокзал алаңын таңдасақ, бізді келешек ұрпақ кешірмейді. Ұятқа қалып жүрмесек екен, ағайын!


«Егемен Қазақстан»,


179-180, 13 тамыз, 1999 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу