Өлеңдер ✍️

  24.02.2022
  169


Автор: Рүстем Қайыртайұлы

 “Алтын домбырада” айтқан едім.

 


??Қос Димашқа.
Уақытты кім тоқтатар сырғи қашқан,
Адам түгіл алып жер, жылжиды аспан.
Жақсыны тірісінде жақсы дейіқ,
Қояндай бүре бермей қырғи қосқан.
Ағайын мен таңқалдым бір жағдайға,
Ғалымдай боп ел білмес тұңғиық ашқан
Димаш деген қазақтың данасы өткен,
Қадамы жоқ адасып, білмей басқан.
Ел қалай деп сұрапты ең бірінші,
Кездескен таныс, туыс ылғи достан.
93-тің жазында көз жұмғанда
Бар қазақ жылапты оны шын қимастан.
Тоғыз ай өткеннен соң 94-те(1994ж)
Дүниеге келіпті бір Димашжан.
Өсе келе тамсанып төрткіл дүние
Ол ән салса жер түгіл мүлгиді аспан.
Қазақ тілін танытып халықараға
Қадірін бір көтерді-ау құлдиласқан.
Дәстүр, салт, домбырасы, өз тілі бар
Қазағым айырылмас бұл мирастан.
Әр ғасырдың басы мен аяғында
Құдайым беріп тұрса бір Димаштан! 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу